Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылардың саны рекордты жаңартты.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, шілдеде 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылып төлем алған. Бұл бір ай бұрынғыдан 4,1% (2,1 мың адам), бір жыл бұрынғыдан 96,4% (26,4 мың адам) артық. Бұл кемі 2018 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Соңғы 8 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар санының тұрақты өсімі байқалды.
COVID-19 пандемиясы басталған 2020 жылы айлық орташа көрсеткіш 24,6 мың болған. Ең көп қарашада 36,4 мың болды.
Шілде айында орташа төлем сомасы 65,3 мың теңгені құрады. Иә, бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Шілдедегі жұмыссыздық бойынша жәрдемақының жалпы сомасы рекордтық көрсеткіш – 4,3 млрд теңгені құрауы ғажап емес.