Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді, деп хабарлайды министрлік.

Атап айтқанда:

  • "Kaindy" ЖШС (Алматы облысы);
  • "ASEM-ZHETYSU" ЖШС (Алматы облысы);
  • "Meat processing Complex Bizhan" ЖШС (Ақмола облысы);
  • "Asyl-Asyl" (Атырау қаласы);
  • ЖК "Kuanysh" (Атырау қаласы);
  • ШҚ "Birlestic" (Қарағанды облысы);
  • "EURASIA INVEST LTD" ЖШС (Қарағанды облысы);
  • "ARAY KZ" ЖШС (Қарағанды облысы);
  • "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС (Қостанай облысы).

Бұған дейін аталған тізілімге 34 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.