iPhone 17 Pro Max моделі Samsung Galaxy S25 Ultra мен S24 Ultra смартфондарымен салыстырғанда батарея сыйымдылығы жағынан озып кетті. Осылайша алғаш рет осы критерий бойынша Apple Samsung-тан озып отыр.

iPhone 17 сериясының батарея сыйымдылықтары:

  • iPhone 17 – 3 692 mAh
  • iPhone 17 Air – 3 149 mAh
  • iPhone 17 Pro – 4 252 mAh
  • iPhone 17 Pro Max – 5 088 mAh, алғашқы рет iPhone-да 5 000 mAh межесін асып кетіп отыр.

Батарея пайдалану уақыты (бейне көру режимінде):

  • iPhone 17 Pro Max — 39 сағат видео, 35 сағат стриминг
  • iPhone 17 Pro — 33 сағат (30 стриминг)
  • iPhone 17 — 30 сағат (27 стриминг).

Samsung Galaxy S сериясының батарея сыйымдылығы:

  • Galaxy S25 Ultra – 5 000 mAh

Кей дереккөздер нақты сыйымдылықты 4 855 mAh деп көрсетеді, бірақ тұрақты ортақ көрсеткіш — 5 000 mAh.

Galaxy S24 Ultra – 5 000 mAh батарея сыйымдылығы бар, бірақ нақты сыйымдылық 4 855 mAh деңгейінде болатыны да айтылып жүр.

Бұған дейін IPhone 17 ерекшеліктерін жазған едік.