iPhone 17 Pro Max смартфонының жаңалықтары мен артықшылықтары

iPhone 17 Pro Max смартфонының жаңалықтары мен артықшылықтары

19 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone смартфонының кезекті нұсқасы iPhone 17 телефонын таныстырды.

Смартфонның биылғы нұсқасында әдеттегідей бірқатар жаңалықтар бар. Атап айтқанда iPhone Pro Max былай жаңарған:

  • шыны қаптамасы былтыр Ceramic Shield болса, биыл жаңарып, Ceramic Shield 2 болды
  • экран жарықтығы 2000 nits орнына 3000 nits болды
  • iPhone 16 жақтауы титан болса, 17-смартфонның тұтас қаңқасы алюминий 
  • қалыңдығы 8,25 мм-ден 8,75 мм-ге қалыңдады
  • салмағы 227 граммнан 233 граммға ауырлады
  • жедел жады 8 GB-тан 12 GB-қа артты
  • алдыңғы камерасы 12 MP-ден 18 MP-ге артты
  • зум 5х-тен 8х-ке көбейді
  • 50% қуатқа жету уақыты 35 минуттан 20 минутқа азайды

Ал бұрын болмаған, жаңадан қосылған сипаттамалары мыналар:

  • екі камерамен қатар видео жазу
  • телефонды қызып кетуден сақтайтын Vapor Chamber Cooling салқындару технологиясы.