Қыркүйек айында Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан 3 орын алға жылжып, 80-орынға көтерілді. Ал бір жыл ішінде 21 орын көтерілді. Жыл басынан бері интернет жылдамдығы 19,52 Мбит/с-тан 31,74 Мбит/с-қа, яғни 62,6% жақсарды, деп жазады finprom.kz.
Айта кету керек, көршілес елдерде көрсеткіш мынадай: Ресей 90-орын, Қырғызстан 103-орын, Өзбекстан 120-орын, Тәжікстан 129-орын, Беларусь 119-орын.
Әлем бойынша ең жылдам интернет БАӘ, Оңстүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытайда.
Соңғы тоғыз айда байланыс саласына құйылған инвестиция көлемі 17,8% ұлғайып 88,8 млрд теңгеге жетті. Ал соңғы бес жылда көрсеткіш орташа есеппен жылына 19% өсіп келеді.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап операторлар 5G интернетін сынап жатқаны белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда бірқатар қалада 5G интернетінің қосылғанын хабарлаған едік.