Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин екі мегаполисте 5G тестіленіп жатқанын хабарлады, деп жазады Sputnik.

- Елорда мен Алматы тұрғындары интернет жылдамдығының әдеттегіден жылдам екенін байқаған болар. Біз 5G тексеріп көруге жиілік диапазонын қостық. Операторлар екі қаланың белгілі бір жерлерінде 5G қосып көріп жатыр, деді Мусин.

Оның айтуынша, алғашқы нәтижелері жақсы.

Бұрын Қазақстанда 5G біртіндеп 2022 жылға дейін қосылады деп күтілген. 2021 жылдың қыркүйек айында цифрлық даму министрі Үкімет жанындағы радиостанция бойынша ведомствоаралық комиссияның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G стандартын тестілеу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді. Айта кетерлігі, ешбір операторға 5G технологиясына эксклюзивті құқық берілмейді.