Яндекс Қазақстан өз сервистерін қазақстандық нарықта дамытуды жалғастыруда. Яндекс сервистері миллиондаған қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, сондай-ақ оның аудиториясы 10 млн пайдаланушыдан асып, әрі қарай өсуін жалғастырып келеді.
Компания қазақ тілінде іздеу сапасын дамытуға белсенді қаржы салуда. Қазірдің өзінде Поиск Яндекс қазақстандықтарға күн сайын 7 млн-нан астам сауалға жауап табуға көмектеседі, ал оқуға байланысты қазақ тіліндегі сауалдар саны жылдам жауаптардың пайда болуы есебінен 5% өсті. Яндекс-тің жарнамалық мүмкіндіктері Республикадағы шағын және ірі бизнесті қоса алғанда, 2500-ден астам компанияның бизнесін дамытуға ықпал етеді.
Яндекс Қазақстан еліміздегі білім беру саласын дамытуға зор мән береді. 2023 жылы Яндекс Go оған 575 млн теңгеден астам қаржы құйды. 2017 жылы Астана мен Алматы қалаларында Яндекс бағдарламалау мектебі іске қосылғаннан бері оның оқушылары 400 өнеркәсіптік жобада Python-да 313 500-ден астам тапсырманы орындады. Бүгінде Бағдарламалау мектебі 2023 жылы ашылған Қостанай, Петропавл және Талдықорған қалаларындағы бөлімшелерді қоса алғанда, Қазақстанның 5 қаласында жұмыс істейді.
Маңызды міндеттердің бірі — сервистерді Қазақстан Республикасы аудиториясының сұраныстарына бейімдеу. Қолданыстағы сервистерден басқа, компания қазақ тіліндегі өнімдер мен сервистерді іске қосуға қаржы салуды жалғастырады.
Карталар енді қазақ тілінде қолжетімді, оның ішінде интерфейс, топонимдер және ұйымдардың атаулары, ал дауыстық кеңестерде кәсіби қазақ дикторын қосуға немесе танымал музыкант Иманбекті таңдауға болады. Карталардың мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны өткен жылы 2,3 есе өсті, ал сервистің ай сайынғы аудиториясы 2,8 млн адамды құрады.
Таксиге тапсырыс беру мен жеткізу қызметтері қазақ тілінде Яндекс Go арқылы да қолжетімді. Бұдан басқа, сервис Қазақстанда жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне бағытталған бастамаларды белсенді түрде енгізіп келеді. Оларға жылдамдық режимінен асып кету мен қауіпті маневрлерді тіркейтін, жүргізушілерді ескертетін және төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесетін, тапсырыстарды орындау кезінде жылдамдық пен жүргізу стилін автоматты мониторингілеу сияқты технологиялар кіреді. Яндекс Go елдегі жолаушылар мен жүргізушілерге сапарда қосымша тегін сақтандыруды ұсынған алғашқы сервис болды. Тапсырыс беру кезінде автокөліктегі әрбір адам үшін 4 млн теңгеге дейінгі сомаға кеңейтілген қамтуды қамтамасыз етті. Еда мен Доставка тапсырыстарының курьерлері де осы сомаға жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Өткен жылы сервис қауіпсіздік технологияларын дамытуға 950 млн теңгеден астам ақша бөлді.
Биыл елімізде Яндекс Заправка отынына контактісіз ақы төлеу сервисі іске қосылды, сондай-ақ ол Астана, Алматы, Ақтау, Өскемен, Атырау сияқты барлық ірі қалаларда қолжетімді. Қазір Заправка-ларда 400-ге жуық жанармай құю станциялары бар. Қосымшада отын ақысын төлеуге, бағаларды салыстыруға, жақын жердегі станцияларды тауып, оларға бағыт құруға болады.
Яндекс Қазақстан елдің мәдени және креативті индустрияларын да қолдайды. Ай сайын Кинопоиск-те эксклюзивті премьераларды қоса алғанда, 2-ден 5-ке дейін жаңа қазақстандық фильмдер шығады. 50-ден астам шетелдік фильмдер мен хикаялар қазақ тіліне аударылған. Қазақстандық әртістер Яндекс Музыка-да танымал, сонымен бірге сервистің жаһандық рейтингтеріне ұдайы түсіп отырады.
Сонымен қатар компания бейнені ағылшын және орыс тілдерінен қазақ тіліне аударуды іске қосты. Бұл функция Яндекс Браузерінде және мобильді қосымшада қолжетімді, сондай-ақ ол әлемнің түкпір-түкпірінен контентке — деректі киноға, дәрістерге, рецепттерге, қадамдық нұсқауларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда YouTube, VK, Vimeo, Twitch және Coursera-да орналастырылған роликтерді аударуға болады.