2024 жылғы маусымда екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген несиесі 2,0%, 30,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 7,7% өсіп), оның ішінде ұлттық валютада 1,5%, 27,6 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 7,4%, 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 91,6%-ды құрады.
Бизнес субъектілеріне берілетін несие 2024 жылғы маусымда 2,0%, 11,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,5% өсті). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 1,6%, 9,8 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 1,5% ұлғайды). Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 5,8%, 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ірі бизнеске қарыздар 4,0%, 3,9 трлн теңгеге дейін азайды, бұл негізінен осы санаттағы банктердің бірінің ШОБ қарыздары санатына қайта жіктелуіне байланысты. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 3,8%, 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 23,1% өсті).
2024 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 11,1% артық (2024 жылдың 6 айында 8,2 трлн теңге сомаға берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,8% артық).
Халыққа берілген несие 2024 жылғы маусымда 2,0%, ұлғайып, 18,3 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 9,9% өсіп). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 2,8%, 11,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,7%, 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.
2024 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,6%-ды (2024 жылғы мамырда – 19,8%), халыққа қатысты – бөліп төлеуге берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы нәтижесінде 17,5%-ды (2024 жылғы мамырда – 19,3%) құрады.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,1%-ын немесе 988 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).
Бизнеске берілген қарыздар бойынша NPL90+ деңгейі 2,2%-ды немесе 287 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша – 3,8%-ды немесе 700 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 70,9%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).