2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2023 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,0%, 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 10,8% өсті).

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,3% (1,6 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,2% (142 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (106 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері  2023 жылғы мамырда 1,5 трлн теңгеге дейін 2,2% ұлғайды  (2023 жылдың басынан бері 12,5% өсті). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы мамырда 1,0% немесе 8,5  млрд теңгеге 837  млрд теңгеге дейін, негізінен ірі сақтандыру ұйымдарында дивидендтер төлеу есебінен ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 8,0% өсті).    

2023 жылғы мамырда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 20,1 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 87,2 млрд теңге).

2023 жылғы мамырда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 476 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда 10,0% көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 6 091 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,4% артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (108,0% немесе 625 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (21,6% немесе 476  мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы мамырда 71,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 5 айда барлығы 393,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21,2% көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 76,1 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,4% көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша орын алды (69,2% немесе 12,7 млрд теңге өсім).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 5 айда 117,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп. Өсу, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюымен байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 199,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 127,1%-ға немесе 19,6 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 12,8% немесе 11,5 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы мамырда сақтандыру төлемдері 20,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 97,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  46,1% көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы мамырда барлығы 88 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 456 мың төлем жүзеге асырылды.