2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанның қолма-қол шетел валютасы нарығында 2111 айырбастау пункті жұмыс істейді. Деректерге сәйкес, банктік айырбастау пунктері мен «Қазпошта» АҚ-ға – 1552 айырбастау пункті (2023 жылы 1 қазанда – 1631 бірлік), ал банктік емес айырбастау пунктеріне — 559 айырбастау пункті (2023 жылы 1 қазанда — 518) тиесілі.
2024 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда, III тоқсанда ҚР қолма-қол шетел валютасының ішкі нарығында халықтың АҚШ доллары бойынша ұсыныс динамикасы (жеке тұлғалардан сатып алу) бұрынғы деңгейде қалды. Бұл ретте, халық тарапынан сұраныс (жеке тұлғаларға сату) аздап төмендеуді көрсетеді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жеке тұлғалардан сатып алу көлемі 14% төмендегені, ал жеке тұлғаларға сату көлемі 6% төмендегені байқалады.
Еуро сатып алу мен сатудың жалпы көлемі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда түрлі бағытта болды. Мәселен, егер, биыл ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жеке тұлғалардың айырбастау пунктерінен сатып алуы 126 млн еуроны құрап, 48% ұлғайса, жеке тұлғаларға сату 153 млн еуроға дейін 34% төмендеді.
Алайда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, еуроны жеке тұлғалардан сатып алу көлемі 11% өскені, ал жеке тұлғаларға сату көлемі 25% төмендегенін көрсетеді.
2024 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша Ресей рубліне халықтың сұранысы (жеке тұлғаларға сату) алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 21% ұлғайғанын, ал халықтың сату көлемі (жеке тұлғалардан сатып алу) бұрынғы деңгейде қалғанын көрсетеді.
Егер өткен жылдың осы кезеңінде жеке тұлғалардан сатып алу көлемі 14% ұлғайғаны байқалса, ал жеке тұлғаларға сату көлемі 3% төмендегені байқалады.