«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ «Halyk Finance» АҚ-пен Қор активтерінің бір бөлігін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасты.
Келісім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қор активтерін жеке басқарушы компанияларға бәсекелес ортаға беру туралы шешімін іске асыру шеңберінде жасалды. Қор Директорлар кеңесінің шешімімен алты жекеменшік басқарушы компания бекітілді, оның ішінде Halyk Finance да бар, олардың арасында Қордың жалпы сомасы 200 млрд теңгені құрайтын активтері бөлінген.
Қазіргі уақытта Қор активтерінің көлемі шамамен 1,4 трлн теңгені құрайды. Қор активтерін одан әрі жеке басқаруға беру жеке басқарушылар көрсеткен тиімділік көрсеткіштеріне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
– Қор қабылдаған шешім отандық бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға елеулі серпін беретіні сөзсіз. Біз Қорға сенімдері үшін алғыс айтамыз және ірі инвесторлардың активтерін сенімгерлік басқару сегментінде бәсекелестіктің дамуын құптаймыз», — деді Halyk Finance Басқарма Төрағасының орынбасары Роман Әсілбеков.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Cbonds ақпараттық агенттігінің шешімімен Қазақстандағы үздік басқарушы компания деп танылды.