Halyk Bank 2015 жылы Қазкоммерцбанк алған 250 миллиард теңге мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын толығымен өтеп берді.
Halyk Bank Казкоммерцбанк «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ депозиті түрінде алған 250 миллиард теңге мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын толық қайтарғанын хабарлады.
Бұдан бұрын, 2023 жылдың маусым және желтоқсан айларында банк ҚФУ депозитінің 68,4 млрд теңге бөлігін, ал 2024 жылдың 8 сәуірінде 181,6 млрд теңге сомасын қайтарды. Осылайша, 2023 және 2024 жылдары мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 250 млрд теңгені құрады.
Еске салайық, 2015 жылы Қазкоммерцбанк 250 млрд теңге көлемінде депозит түріндегі мемлекеттік қолдауды алған болатын. 2018 жылы Казкоммерцбанк Halyk Bank-пен біріккеннен кейін Halyk Bank депозиттің құқықтық мұрагері болды, ал мемлекеттік көмек сомасы біріктірілген банктің балансына аударылды.
ҚФУ депозиті бойынша 250 млрд теңге сомасында қаражатты қайтару «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Проблемалық несиелер қоры» АҚ арасында жасалған келісімде белгіленген 2037 жылға дейінгі мерзімнен бұрын жүзеге асырылды.