Alatau City Invest Halyk Bank акциясы бірден 66,5% өсетінін болжады. Брокер банктың III тоқсанға арналған қаржылық есебі шыққаннан кейін олардың бағалау болжамын жаңартты. Мақсатты баға бұрынғы деңгейінде қалды — 560 теңге. Halyk Bank акциясы бүгін 09:00-де 330,59 теңге болып тұр. Яғни, болжам бойынша қазіргі бағадан өсу әлеуеті 66,5%. Ұсыныс өзгеріссіз: «Сатып алу» дейді Alatau City Invest мамандары.
Сарапшылар есепті «орташа оң» деп бағалады. Halyk Bank акциясы кейінгі бір жылда KASE алаңында 38%, Лондонда 32% өсті.
Қазан айының басында банк жалпы сомасы 50 млн долларға дейін өз жаһандық депозитарлық қолхаттарын (GDR) кері сатып алудың екінші бағдарламасын жариялаған болатын.
Ал оның мажоритарлық акционері — «Алмэкс» Холдингтік тобы — банктің қағаздарының өтімділігін арттыру үшін өзінің үлесінің бір бөлігін капитал нарықтарында сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Айта кетсек, Halyk Bank таза пайдасы 26,8% өсіп, 809,9 млрд теңгеге жетті.