2022 жылдың қаңтар-қараша айларында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 45,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,7% аз. Нақты көлем индексіне (81,1%) қарасақ, нақты мәнде төмендеу 18,9%-ды құрады, деп хабарлайды finprom.kz.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция құндық мәнде бір жылда 42,5% азайып, 53,4 млрд теңге болды.
Өңірлер бойынша кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы күрделі салымдардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 10,3 млрд теңге, бір жылда құндық мәнде 1,8% көбейді.
Алматы екінші орында: 8,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Үздік үштікті Қызылорда облысы түйіндеді: 6 млрд теңге, жылдық өсім – 13,2%. Үздік 3 өңірге елдегі барлық инвестицияның 55,4%-ы тиесілі.
Ең аз инвестиция Жетісу өңірінде: небәрі 158,9 млн теңге. Одан бөлек Павлодар мен Ақмола облыстарында да аз.
Салаға салынған инвестиция көлемінің барлығы дерлік кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 91,2% немесе 41,5 млрд теңге. Көрсеткіш бір жылда 13,7% азайған.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 1,7 млрд теңгені (жылдық өсім – 2,9 есе), жергілікті бюджеттерден – 397,6 млн теңгені (7,8% көбейген) құрады. Банк несиелері есебінен салынған инвестиция бірден 28,1 есе өсіп, 1,2 млрд теңгеге жетсе, банктік емес қарыз қаражат есебінен салынған инвестиция керісінше 83% азайып 720,2 млн теңге болды.