«Фридом Финанс» АҚ-тың 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жекелеген қаржылық есептіліндегі (аудиттелмеген) негізгі қаржылық көрсеткіштер төмендегідей болды:
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 111,7 млрд теңгеге (54,5%) ұлғайды және 316,9 млрд теңгені құрады. Бағалы қағаздар портфелінің 83,3 млрд теңгеге немесе 64%-ға; басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың және реттелген борыштың 30 млрд теңгеге немесе 45%-ға ұлғаюы нәтижесінде өсімге қол жеткізілді.
Бұл ретте тікелей РЕПО бойынша операциялардың 85,98 млрд теңгеге немесе 113,5%-ға ұлғаюына байланысты міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 79,42 млрд теңгеге немесе 93,1%-ға өсті. Сондай-ақ басқа міндеттемелердің 6 млрд теңгеге немесе 99%-ға азаюы байқалады.
Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 32,3 млрд теңгеге немесе 27%-ға өсті.
2023 жылғы таза кіріс 2022 жылғы таза кіріспен салыстырғанда 14,8 млрд теңгеге немесе 70,2%-ға азайды. Бірінші кезекте бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың сыйақысын төлеуге байланысты шығыстырдың 17,48 млрд теңгеге немесе 261,2%-ға; операциялық шығыстардың 7,87 млрд теңгеге немесе 131,6%-ға; шетел валютасын қайта бағалау бойынша шығыстардың 1,27 млрд теңгеге немесе 13%-ға; басқа да шығыстардың 0,83 млрд теңгеге немесе 56%-ға өсуімен байланысты.
Бір жылғы таза кірістің қорытынды көрсеткішіне сондай-ақ әділ құн бойынша бағаланатын, өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің 5,75 млрд теңгеге немесе 34,1%-ға; әділ құн бойынша бағаланатын, өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін қаржы активтері құнының өзгерісінен келіп түсетін таза кірістердің 5,22 млрд теңгеге немесе 172,7%-ға; қаржы активтерін сатып алу-сатудан келіп түскен кірістердің 2,19 млрд теңгеге немесе 30,4%-ға ұлғаюы әсер етті.
Бір жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капитал 98,5 млрд теңгені құрайды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы мөлшері 86 мыңға жуық шотты құрайды. 2023 жылы мәмілелер саны 948 мыңнан астам болды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 106 атауы бойынша, Astana International Exchange-де саудаланатын бағалы қағаздардың 7 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады.
Freedom Finance Global PLC компаниясы 2024 фискалдық жылғы төртінші тоқсанда мынадай нәтижелер көрсетті:
2023 жылғы қазан-желтоқсандағы кезеңде компанияда 14 мыңға жуық шот ашылды, 2,5 млн-нан астам мәміле жүргізілді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы саны 146,5 мың, бағалы қағаздармен 17 млн-нан астам мәміле жүзеге асырылды.
2023 жылғы қазанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) Freedom Finance Global PLC компаниясына Қазақстанда қор нарығындағы опциондарды саудалауға бөлшек инвесторлардың қол жеткізуі мүмкіндігін ұйымдастыру жөніндегі пилоттық жобаны сеніп тапсыру туралы шешім қабылдады. Бұл тек кәсіби клиенттерге емес, сондай-ақ бөлшек клиенттерге де деривативтермен мәмілелерге қол жеткізу мүмкіндігін береді, бұл АХҚО-ның юрисдикциясында алғашқы үлгі боларлық жағдай болып табылады. Жоба 2024 жылғы қаңтардан бастап іске асырылады.
2023 жылғы қарашада AFSA сондай-ақ Freedom Finance Global PLC компаниясының реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясын кеңейтті, оны ұжымдық инвестицияларды басқаруды жүзеге асыру (Managing a Collective Investment Scheme) лицензиясымен толықтырды. Компания жаңа лицензияға сәйкес инвестициялық қорларды құруға, АХҚО-дағы инвестициялық қорларды басқарушы компанияның функциясын жүзеге асыруға, оларға инвесторлардың (оның ішінде бөлшек) қаражатын тартуға құқылы.
2023 жылғы желтоқсанда Freedom Finance Global PLC компаниясы Қазақстанда АҚШ Ішкі кірістер қызметінің (Internal Revenue Service) уәкілетті салық агенті – Qualified Intermediary мәртебесін тұрақты міндетті сертификаттаудан алғашқы болып өтті.