Алматы қаласында республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалінің жабылуы шеңберінде Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Н. Тілендиев атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптар оркестрінің және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің жетекшілеріне салтанатты түрде жаңа домбыралар тарту етті.
Саз аспаптарының тяньшань шыршасы, канадада өсірілген емен және қайың сияқты ағаштардың түрлерінен жасалғанын атап өткен жөн. Ағаштардың қылқан жапырақты және қызыл түрлерінен жасалған аспаптардың материалы домбыра үшін керемет акустикалық дыбыс беретіні белгілі.
Аспаптарды әйгілі қазақстандық шебер Жолаушы Тұрдығұлов жасады.
«Өнердің біздің әрқайсымыз үшін берер әсері мол. Оның біздің санамызды өзгертіп, халықтар мен елдерді жігерлендіруге әрі біріктіруге қабілеті зор. Сол үшін де, бизнестің өкілдері ретіндегі біздің міндетіміз – өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету. Мен өз отбасымның әрі компаниямыздың атынан қазақтың халық музыкасын орындаушы – Қазақстанның екі жетекші оркестріне домбыраны тарту етемін. Біздің музыканттарымыздың шығармашылығы еліміздің беделін әлемдік деңгейде асқақтатады деген сенімдемін», Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Құрманғазы және Н. Тілендиев атындағы оркестрлер – еліміздің ұлттық мақтанышы. Музыканттарымыз көптеген шет елдерде гастрольдік сапарлармен өнер көрсетіп, мемлекет басындағы адамдардың сапарларын музыкамен сүйемелдейді әрі біздің бірегей мәдениетімізді ең жоғары деңгейде танытады.
Айта кетерлігі, биыл «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өзінің 40 жылдығын тойлайды. Ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 2023 жылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.