Freedom компаниялар тобы Sergek Group компаниясына инвестициялады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Freedom компаниялар тобы Sergek Group акционерлерінің құрамына 35% мөлшеріндегі үлеспен кіруді жоспарлап отыр. Мәміле Sergek Group компаниясының тарапынан кейінге қалдыру талаптары орындалғаннан кейін аяқталады. Компанияның негізін қалаушылар - Қайрат пен Әсет Ахметовтар оның мажоритарлы акционерлері болып қала береді.

Бүгінгі таңда «Сергек» Қазақстан Республикасындағы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және экологияны жақсартуға бағытталған жетекші технологиялық жобалардың бірі болып табылады.

«Freedom тобының «Sergek Group»-қа инвестор ретінде кіруі қазақстандық IT-саламен өзара іс-қимылды кеңейту стратегиясының жалғасы болып табылады. Мұндай жағдайда Sergek Group-тың Big Data-мен жұмыс істеу тәжірибесі бізге автосақтандыру саласында да, сондай-ақ автокредит беру саласында да неғұрлым сапалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да біз бұл жобаны біздің цифрлық экожүйеміздің органикалық бөлігі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар, ірі бизнес өкілдері ретінде біз қазақстандықтардың алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді түсінеміз және Vision Zero форматындағы азаматтық бастаманы қолдаймыз. Шын мәнінде, біз мемлекеттік органдардың, сараптамалық қоғамдастықтың және азаматтық белсенділердің өзара іс-қимылы бойынша ұйымдастырушы және платформа ретінде әрекет еткіміз келеді», дейді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Sergek Group озық қалалар (Smart City) саласындағы әзірлемелермен, оның ішінде «Сергек» зияткерлік қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесімен аса танымал. Оның тиімділігі әкімшілік және қылмыстық істерді ашу және ЖКО-да өлім-жітімді азайту көрсеткіштерінде тікелей көрсетілген. Мәселен, 2017 жылдан бері тек Астана қаласының өзінде жол-көлік оқиғаларында өлім-жітімнің 40-50% - ға дейін азайғаны және қоғамдық орындарда қылмыстың 70%-ға дейін азайғаны байқалады. 

«Жасалған мәміле ағымдағы бизнесті әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бізді жобалар мен өнімдердің күшейуі, дамуы және B2B нарығы үшін жаңа технологиялардың құрылуы күтіп тұр. Сонымен қатар, топтың бар назарын Smart City шеңберінде қоғамдық қауіпсіздік, көлік және экология сияқты бағыттарда кеңейтуді жоспарлап отырмыз.  Біздің өнімдеріміздің ішінде бүгінде Big Data көмегімен көлік ағындарын талдауға, оңтайландыруға және қоршаған ортаның ластану көздерін анықтауға мүмкіндік беретін жол қауіпсіздігін арттыратын технологиялар бар, әрі соңғы алты айда біз Қазақстан нарығында ғана емес, сондай-ақ алыс және жақын шет елдерде де оларға деген сұраныстың бар екенін көрдік. Біз компанияның орналасқан географиясын кеңейту және оны сыртқы нарықтарға шығару арқылы жаңа жобалармен және өнімдермен жұмыс істейміз, сонымен қатар, қазақстандықтар үшін жұмыс орындарын ашамыз. Жасалған мәміле қазірдің өзінде шабыттандыратын нәтижелер беріп, біздің ұзақ мерзімді дамуымызға сенімділік ұялатады», дейді Sergek Group компаниялар тобының негізін құрушылардың бірі Қайрат Ахметов.