S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Freedom Holding Corp. ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-» деңгейінде, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Europe Ltd., Freedom Finance Global PLC және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде растады. «Фридом Финанс» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ рейтингтері ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейінде расталды.

«Freedom тобына берілген «B» деңгейі, бір жағынан, бизнесі өсіп келе жатқан, пайда әкелуші, қаржылық қызмет көрсететін ұйымның күшті жақтарын көрсетсе, ал екінші жағынан – ол жұмыс істейтін нарықтармен және оның ұйымдық құрылымымен байланысты компанияға тән жоғары тәуекелді көрсетеді. Біздің ойымызша Freedom – күрделі құрылымы бар және тәуекелді қабылдауға жоғары дайындығы бар топ, бұл өткен жылдары оның бизнесінің тез өсуімен және осы үрдісті, оның ішінде активтерді сатып алу есебінен жалғастыруға ниетті екендігімен расталады», – делінген S&P Global Ratings ресми хабарламасында.

Рейтингтердің сақталуына қарамастан, олар CreditWatch ықтимал қайта қарау тізіміне енгізілген. Бұл заңдық және комплаенс-тәуекелдердің айтарлықтай жоғарылауы жағдайында немесе теріс нарықтық көңіл-күй топтың бизнесіне теріс әсер еткен жағдайда агенттік келесі 90 күн ішінде осы субъектілердің рейтингтерін төмендетуі мүмкін деген тәуекелді көрсетеді. Бұл ретте S&P Global Ratings. егер аталған төмендеу тәуекелдерін шектеулі деп есептесе, рейтингтерді растауға және оларды CreditWatch тізімінен алып тастауға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Hindenburg Research компаниясы Freedom Holding Corp. туралы есеп жариялаған болатын. Материал шын мәнінде сенімсіз жасырын көздерден, жалған ақпараттан, расталмаған қорытындылар мен алыпсатарлардан холдингтің беделіне нұқсан келтіру және халықаралық қаржы нарығындағы FRHC акцияларының жағдайына теріс әсер етуге ниеттелген өтініштер жинағын білдіреді. 

Бұл ретте холдинг өз бизнесінің тұрақтылығын, команданың кәсібилігін, сондай-ақ өз клиенттерінің, акционерлері мен серіктестерінің сенімін көрсетті. Соның салдарынан бүгінгі таңда Freedom Holding Corp. және оның еншілес компанияларының S&P Global тобына кіретін жетекші халықаралық S&P Global Ratings компаниясының рейтингтері өзгеріссіз қалып отыр. Холдингтің 2023 фискалдық жылдағы есебі «үлкен төрттікке» кіретін Deloitte тәуелсіз аудиторлық компаниясының тексеруінен өтті. Құжатпен АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) сайтында танысуға болады.