Кейбір телеграм арналар таратқан «Forte Bank Еуразиялық банк пен Bank RBK-ны сатып алуы мүмкін деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», деп мәлімдеді Forte Bank баспасөз қызметі.
Bank RBK АҚ да бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Қазіргі уақытта Bank RBK мен оның акционері қаржы институтындағы, оның ішінде ForteBank-пен акцияларды сату туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Forte Bank Еуразиялық банк пен Bank RBK-ны сатып алуы мүмкін екені хабарланған.