2022 жылдың мамыр айында Қазақстаннан тауар экспорты 7,7 млрд долларды құрады – 2014 жылдың ақпан айынан бері мұндай айлық экспорт көлемі (7,9 млрд доллар) болған емес.
Мұнай, металл және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жоғары бағалары Қазақстанға 5 айда шамамен 34,2 миллиард доллар экспорттық кіріс әкелді, бұл өткен жылдың бес айындағы көрсеткіштерден 59%-ға немесе 12,7 миллиард долларға көп, деп хабарлайды ERI сарапшылары.
Қазақстандағы сату көлемі өсті:
- мұнай — 91%-ға немесе 9,6 млрд
- ферроқорытпалар — 61%-ға немесе $529 млн
- катодты мыс — 25%-ға немесе 318 млн
- бидай — 61%-ға немесе 322 млн
- уран – 2,6 есе немесе 497 млн доллар
- күкірт — 3,3 есе немесе $238 млн
Тізімде көрсетілген тауарлар елдің экспорттық өсімінің 90% қамтамасыз етіп, 11,5 миллиард доллар өсім көрсетті.
Ұн (+135 млн доллар), күкірт (+238 млн доллар) және сұйытылған газ (+94 млн доллар) экспортының өсуін атап өтеміз.
Елдер бойынша экспорт өсті:
- Италияға 2,9 млрд
- Қытайға 1,5 млрд
- Оңтүстік Кореяға 1,3 млрд
- Түркияға 1,1 млрд.
Жалпы Еуропалық Одаққа жеткізілім 5,8 млрд долларға, Азия елдеріне 5,2 млрд долларға өсті.Осы екі бағыт Қазақстан экспортының өсімінің 87%-ын қамтамасыз етсе, Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты қаңтар-мамыр айларында 0,9%-ға азайды.