Елде киім мен аяқ киім бір жылда 10% қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Биылғы жылдың маусым айында киім мен аяқ киім өткен аймен салыстырғанда 1,4%, өткен жылмен салыстырғанда 9,7% қымбаттады.
Ай сайынғы динамика бойынша ең елеулі өсім – 3,5% қымбатшылық Солтүстік Қазақстан облысында байқалды. Артынша Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында да бір айда баға айтарлықтай өсті. Баға ең баяу өскен Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында көрінді.
Жылдық динамикада киім мен аяқ киім бағасының өсуін Маңғыстау облысының тұрғындары қатты сезінді: баға 16,5% өсті. Одан кейін Қызылорда мен Атырау облыстарында да жылдық өсім қатты болды. Баға ең баяу өскен өңір Алматы қаласыі: 6,3%.
Айлық динамикада маусым айында ерлер киімі 1,1%, аяқ киім 2,1% қымбаттады. Бір жыл ішінде ерлер киімінің бағасы 9,1%, аяқ киімнің бағасы 9,5% өсті.
Киімдердің ішінде ерлер іш киімі былтырдан бері 15,6%, майка 14,9%, джинсы шалбар 10,7%, спорттық костюм 10%, футболка 9,8%, шұлық 9,7%, қысқы куртка (пуховик) 8,7% жейделер – 8,2%, желден қорғағыш – 7,9%, жарты маусымдық пальтолар – 6,7%, жемпір – 5,4%, шалбар – 5,2%, екі бөлікті костюмдер – 4,3%қымбаттады.
Ерлерге арналған аяқ киім, сандалдар, жазғы аяқ киімдер жылдық динамикада 11,6%, қысқы етіктер – 10,4%, ересектерге арналған үй аяқ киімі – 9,8%, жарты маусымдық етік пен аласа аяқ киім – 8,9%, аяқ киім – 8,1%, кроссовкалар – 7,9% қымбаттады.
Әйелдер секторында сырт киім бағасы бір айда 1,3%, бір жылда 8,9%, ал аяқ киім бір айда 1,4% және бір жылда 9,5% қымбаттады.
Жылдық динамика бойынша көйлектер бірден 11,9%, желден қорғайтын киімдер мен футболка – 11,2%, мамық күрте – 10,8%, бюстгалтер – 9,6%, екі бөлікті костюм мен іш киім – 9,1%, блузка, түнгі көйлек, спорттық костюм – 8,8%, шалбар мен колготка – 8,7%, жарты маусымдық пальто – 8,5%, халат – 8,3%, жүн тон – 7,9%, джинсы – 6,4%, белдеме – 6,2%, жемпір – 4,5% қымбаттады.
Аяқ киімдердің ішінде былғары босоножка бір жылмен салыстырғанда 12,5%, қысқы етік пен етік – 10,2%, жарты маусымдық етік пен етік – 8,8%, аласа өкшелі былғары аяқ киім – 8,4%, сән туфли – 7,5%, кроссовка – 7,2% қымбаттады.
Балалар секторында сырт киімдер бір айда 1,1%, ал бір жылда 9% өсті, аяқ киім бағасы бір айда 1,9%, ал бір жылда 14,7% өсті.
Балалар киімінің ішінде бір жылда футболка – 12,8%, пижама – 11,9%, шұлықтар мен гольфтер – 10,9%, мектеп жасындағы балаларға арналған жарты маусымдық куртка – 10,5%, қысқы комбинезон – 10,3% қымбаттады. Сонымен қатар іш киімдер – 9,9%, мектеп жасындағы балаларға арналған қысқы куртка – 9,7%, джинсы – 9,3%, шалбар – 9,1%, колготка – 8,6%, ұлдарға арналған жейде – 8,5%, спорттық костюм – 7,9%, көйлек – 6,8%, жемпір – 6,4%, костюм – 6,2%, қыздарға арналған блузка – 5,9%, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған костюм мен жиынтықтар – 5,7% қымбаттады.
Аяқ киімдердің ішінде қысқы балалар етіктері мен етіктері бір жылда 15,9%, кроссовка – 15%, жазғы сандалдар, сандалдар мен аяқ киімдер – 13,4%, жарты маусымдық балалар етіктері мен аласа аяқ киім – 13%, қыздардың аяқ киімдері – 9,7% қысбаттады.
Биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ТМД елдері арасында киім ең қымбат Ресейде. Мысалы, бір жұп джинсы (Levi's 501 немесе соған ұқсас) $89,8, ерлер былғары іскерлік аяқ киімі $125,2, Nike кроссовкалары $109,9, бір жазғы көйлек интернет-дүкендерінде (Zara, H&M немесе соған ұқсас) $55,2 тұрады.
Бұл ретте Қазақстан ТМД-дағы ең төмен бағамен мақтана алмайды. Сонымен, 2022 жылдың 1 тамызында елде бір жұп джинсы (Levi's 501 немесе соған ұқсас) $67,4, ерлер былғары іскерлік аяқ киімі $81,3, Nike кроссовкалары $69, бір жазғы көйлек дүкендер желісінде (Zara, H&M немесе соған ұқсас) $33,4 тұрады.
Бір жұп джинсы шалбар (Levi's 501 немесе соған ұқсас) және бір жұп ерлер былғары іскерлік аяқ киімі Әзірбайжанда ең арзаны, Nike кроссовкалары мен бір жазғы көйлек Украинадағы дүкендер желісінде (Zara, H&M немесе ұқсас) ең арзан болды*.