2023 жылғы шілдеде ҚР-да жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңге болды, бұл былтырғыдан 10,5% көп. 

Былтыр сәйкес кезеңде көрсеткіш 44,8 мың теңге болып, бір жылда 16,4% көбейген. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір әдеттегідей Маңғыстау облысы: 62,2 мың теңге – былтырғыдан 13,5% көп. Бұл республикалық көрсеткіштен 25,8% артық. 

Екінші орында Астана (56,4 мың теңге), үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (52,4 мың теңге). Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден тиісінше 14,1% және 6% көп. Үздік бестікке Алматы мен Павлодар облысы да кірді: тиісінше 51,2 мың және 49,4 мың теңге. Еліміздің 20 өңірінің 4-де ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық деңгейден жоғары. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі ең төмен өңірлер Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе (45,2 мың теңге) облыстары.

Жасы бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,5-1 жас аралығындағы балаларда (32,5 мың теңге), ең жоғарысы 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде (62,6 мың теңге) тіркелді.

Әйелдер мен қыздар арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі де 0,5-1 жас аралығындағы балаларда (30,5 мың теңге), ең жоғарысы 14-17 жас аралығындағы қыздарда (47,9 мың теңге) белгіленді.

Барлық жас санаттарындағы ұлдар мен ерлердің күнкөріс деңгейі сол жастағы қыздар мен әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Биыл шілдеде жас санатына байланысты ерлердегі артықшылық 1,9%-дан 30,5%-ға дейін болды.