Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендірудің нәтижелерімен таныстырып өтті.
Мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері болып табылады, оның ішінде 98 – жер қойнауын пайдаланушылар, 244 – экономиканың әр түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер, оларға мемлекеттік бюджетке 43,7% - және республикалық бюджетке 51% - дан астам салық түсімдер тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады.
Мәселен, ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1 270 млрд.теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 302,3 млрд. теңгені құрады.
Республикалық бюджетке түсімдер 840,1 млрд.теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 520,7 млрд. теңгені құрады.
Экономика секторлары бойынша түсімдердің барынша ұлғаюы мынадай:
- көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 274,8 млрд. теңгеге өсті;
- өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 184,8 млрд. теңгеге өсті;
- қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд. теңгеге өсті;
- құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд.теңгеге өсті.
Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне келді.
Әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер етті.
Осы жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берді, мұнда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады.
Жалпы, 2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерді 34 салықтық тексеру аяқталды.
Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша 46,5 млрд.теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді.
Тағы бір айта кетерлігі, жер қойнауын пайдаланушылар республикалық бюджеттің 35% - ына және Ұлттық қордың 99,9% - ына дейінгі түсімдерді қамтамасыз етеді, яғни елдің негізгі донорларының бірі болып табылады.
Спикердің ақпараты бойынша әлемде де, біздің мемлекетте де жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың ерекшелігі бірегей, ал өнімді бөлу туралы келісімдер күніне салық режимінің тұрақтылығымен ұсынылған.
«Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың салық заңнамасын бұзу негізінен мыналардан тұратынын атап өту маңызды: көп кезеңді құрылымдалған күрделі схемалар және Салық кодексінің нормаларын өз пайдасына ерікті түсіндіру арқылы салық салудан жалтару әрекеттері. Аталған бұзушылықтар оларды негізінен күмәнді кәсіпорындармен өзара әрекеттесуден тұратын басқа салық төлеушілерден айтарлықтай ерекшелендіреді», - деп бөлісті салық ведомствосының өкілі.
Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық мониторингі мен тексерулері үшін салықтық бақылау құралдарының кең спектрін пайдалана отырып, сандық талдаудан сапалық талдауға тұрақты ауысуды көздейтін қарқынды тәсіл таңдап алынды.
«Бұл тәсіл күш-жігерді қажетті бағытта шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл өзінің оң нәтижелерін береді. Мысалы, осы шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың өзінде ғана Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке 100 млрд теңгеге жуық қосымша резервтерді іздестіре алды», - деді А.Сүлейменов.