Тариф қымбаттар алдында энергетикалық нысандарға инвестиция күрт өсті. 

Статистика бюросы деректері бойынша, мамырда Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымына салынған инвестиция көлемі 90,3 млрд теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғыдан 72%-ға (37,9 млрд теңге) артық. Салыстырыңыз: 2018 жылдан 2022 жылға дейін көктемнің соңында көрсеткіш орта есеппен 43,8 млрд теңгені құрады.

Өткен екі айдың деңгейі де тарихи жоғары: наурыз (43,8 млрд теңге) және сәуір (52,4) млрд теңге.

Қазіргі өсім туралы айтатын болсақ, 2022 жылдың аяғында болған Екібастұз апатын еске түсіреміз. Ол кезде еліміздегі ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66 пайызды құрайтыны белгілі болды. Жағдайды түзету үшін биылғы жазда коммуналдық қызметтердің тарифтерін көтеру туралы шешім қабылданды.

Сонда энергетика нысандары табыс таппай жатып ақшаларын инвестициялай бастаған ба?

Сырттай қарағанда дәл осылай көрінеді. Бірақ барлық инвестицияның 48%-ын мемлекет бергенін түсіну керек – 43,5 млрд теңге. Бір жыл ішінде оның жалпы көлемдегі үлесі 16 п.т.