Су ресурстары және ирригация министрлігі жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 746 каналды реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Биыл 964 шақырым каналды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ирригация желілерін жаңғыртумен қатар, 12 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, жалпы сыйымдылығы 887 миллион текше метр болатын бес су қоймасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ 142 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 12 ауыз сумен жабдықтау нысанының құрылысы қолға алынған.