2024 жылдың ІI тоқсанындағы кәсіпорындарды мониторингтеу нәтижесі бойынша, 2024 жылдың II тоқсанында дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеді, деп мәлімдеді ҚР ҰБ АКСД директоры Рүстем Оразалин.

Кәсіпорындар өндіретін өнім бағасының өсу қарқыны жеделдеп, баға динамикасының жалпы өзгерісін көрсететін диффузиялық индекс (ДИ) 57,8 болды (2024 жылғы I тоқсанда – 57,2). Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс осы жылдың I тоқсанындағы деңгейде қалды, ДИ – 51,1 (51,1).  

Жалпы экономикада сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеу бойынша шығынды шегергенге дейін) 23,8%-ға (22,9%) дейін ұлғайып, орташа тарихи нормадан жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Әлі күнге дейін кәсіпорындар экономиканың бүгінгі жай-күйін бизнес жүргізуге кедергі көреді. Мұндай пікірді сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 29,6%-ы білдірді. Басқа кедергі түрлері: нарықтағы бәсекелестік (29,5%), салық деңгейі (28,8%), білікті кадрлардың тапшылығы (27,3%), сатып алушыларды іздеу (25,0%), лицензия/рұқсаттарды алудағы (17,3%) және дебиторлық берешекті қайтарудағы қиындық (14,4%). Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға деген қолжетімділік 8-орында (14,2%) тұр.    

Нақты сектордағы кәсіпорындардың сауалнамасын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) жақсарып, 100,3 болды.

II тоқсанда сауалнамаға 3401 кәсіпорын қатысты.