Шілдеде жеке тұлғалардың теңгедегі депозитіне банктер ұсынған орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,5%-ды құрады. Соңғы рет мұндай төмен көрсеткіш 2023 жылдың наурыз айында байқалған.
Көрсеткіш соңғы төрт айдың үшеуінде төмендеді (маусым айында өзгеріс болған жоқ). Мұндай динамикаға базалық мөлшерлеменің төмендеуі әсер еткен болуы тиіс.
Алайда қазір де депозитке ақша салу тиімді болып қала береді.
Біріншіден, қазіргі көрсеткіш тарихи жоғары болып қала береді.
Екіншіден, жылдық инфляциядан 4,9 пайыздық тармаққа асып түседі. Және бұл соңғы 12 айдағы ең көп айырмашылық. Салыстырыңыз: 2023 жылдың дәл осы наурызында базалық мөлшерлеме 16,75% болғанда, депозиттің сыйақы мөлшерлемесі инфляциядан 4,6 пайыздық тармаққа ғана жоғары болды.
Айта кетейік, шілдеде тартылған депозиттердің көлемі маусымда 15%, 2023 жылғы шілдеде 52%өсіп, 4,9 трлн теңгеге жетті.