Қыркүйек айында банктер ұсынған теңгедегі депозиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 13,4%-ға дейін төмендеді. Техникалық тұрғыдан алғанда, көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бергі минимум, бірақ тамызда өзгеріс сән ғана болды, -0,1 пайыздық тармақ.
Депозит түрі бойынша ең тиімдісі 1-3 айлық депозит, пайызы 15,4% (тамызда рекордтық 15,6% болған).
Заңды тұлғалардың депозит пайызы өткен аймен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, 13,2% болды.
Несиеге келетін болсақ, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ЕДБ орташа алынған мөлшерлеме тамыздағы 20,2%-дан 21,6%-ға дейін өсті (теңгедегі несиелер). Бұл ретте 1 айға дейінгі, 1-3 ай арасындағы, 1 жылға дейінгі қарыз пайызы төмендесе, 1 жылдан 5 жылға дейінгі және 5 жылдан артық мерзімге берілетін несие пайызы өскен. Ең аз пайыз 3 айдан 1 жылға дейінгі несие 0,7 пайыздық тармаққа төмендеп, 19,3% болды.
Корпоративтік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме тамыздағы деңгейде қалды: 17,6%. Ең төмені 1 айдан 3 айға дейінгі сегментте: 16,9%, -1,3 пайыздық тармақ.