Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,0%-ға ұлғайып, 2020 жылғы ақпанның соңында 13 807,2 млрд теңге болды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 021,5 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға, жеке тұлғаларға – 6 785,7 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 635,4 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,5%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 1,2%-ға ұлғайды.
Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 171,7 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 4,5%-ға азайды.
Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы ақпанның соңында 84,3%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 857,9 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 949,3 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы ақпанда 2 044,8 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 14,8%-ы) 0,4%-ға азайды.
Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай маңызды сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,2%), сауда (12,5%), құрылыс (4,6%) және көлік (3,5%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0%-ды (2019 жылғы ақпанда – 12,4%), жеке тұлғаларға – 19,0%-ды (18,2%) құрады.