Мемлекеттік органдарға жыл соңында үнемделген қаражатты қызметкерлерге сыйақы төлеуге пайдалануға тыйым салынды, деді Қаржы министрі Мәди Тәкиев.
«Қаржы министрлігіне сыйақы төлеуге шотішілік қаражат аударуға тыйым салдық. Мемлекеттік органдардың қалған ақшасы сыйақы ретінде аударылмайтын болды. Бұл ақша бюджетке қайтарылады. Сыйақы болмайды. 112 кодын жаптық, ол арқылы сыйақыға ақша жіберуге болатын», — деді Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында.
Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті ішкі жалпы өнімнің 2,7-1,9% тапшылығымен қабылдады. 2025 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңгені құрайды.