2023 жылы бөлшек сауда ұйымдары 1,9 трлн теңгеге жаңа автокөлік сатқан, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен номиналды 105% артық, деп хабарлайды статбюро.
Көрсеткіштің 60%-ы Астана мен Алматыға тиесілі.
Статистика сатылымның жалпы санын көрсетпейлі, тек жалпы соманы көрсетіп отыр. Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, 2023 жылы ресми дилерлерден 199 мың жаңа жолаушылар және коммерциялық көліктер сатып алынды, бұл 2022 жылдағыдан 60% өсті.
Ал пайдаланылған көліктерге келсек, мұнда кәсіпорындардан жеңіл автокөліктерді сату көлемі де 51% өсіп, 363 млрд теңгеге жетті. Тағы бір жайт, қайталама нарық бөлшек сауда орындарына қарағанда кең. Салалық бағалауларға сәйкес, бұл сегменттегі сауданың жалпы саны дәл жаңа автокөліктерге сұраныстың қайта бағдарлануына байланысты тоқырауға ұшырады.