2023 жылдың наурыз айында елде жылдық инфляция 18,1%-ды құрап (ақпанда – 21,3%), барлық өңірде баяулады.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20,5%-ға дейін (ақпанда – 26,2%) баяулады. Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (26,8%) барынша тез, ал Алматы қаласында (18,7%) мейілінше баяу өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны бір жылда 18,1%-ға дейін бәсеңдеді (ақпанда – 20,5%). Ең жоғары мән Астана қаласында (28,7%), ең төменгі мән Алматы облысында (13,6%) тіркелді.
Наурызда ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы бір жылда 14,4%-ға дейін баяулады (ақпанда – 15,0%). Бұл ретте баға жалпы республикалық деңгейден Ақмола, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында (17,8%-дан) біршама тез, Астана қаласында (11,0%) айтарлықтай баяу өсті.
2023 жылғы наурызда елде айлық инфляция 0,9% артты. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары наурызда 0,6%) жоғары.