Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) брокерлік шоттардың жалпы саны 2024 жылғы бірінші сәуірдегі жағдай бойынша 2 792 540-қа жетті, оның ішінде 707 330 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына, қалған 2 085 210 шот Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 347 200 шотқа өсті, бұл ретте өсімнің 97%-ы омнибус-шоттарға тиесілі екенін атап өту маңызды.
Төменде KCSD есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректер негізінде жасалған қазақстандық инвестордың портреті берілген. Қаржы құралдары омнибус-шоттарда есепке алынатын инвесторлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жария етілмейді.
Қазақстандық инвестордың портреті өзгеріссіз қалады. Инвесторлардың гендерлік бөлінуі бұрын қалыптасқан үрдістерді сақтауды жалғастыруда: әйел инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталды, ал ер инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды. Бұл тұрақты теңгерім 2023 жылдың сәуірінен бастап жалғасуда және 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштер өзгеріссіз қалды.
Инвесторлардың ең көп саны әлі де 35 пен 54 жас аралығындағы топ болып табылады, ол ақпан айында инвесторлардың жалпы санының 38,7% құрады. 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы жас тобының 0,7% шамалы өсуі байқалды.
Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар алады. 2024 жылдың бірінші сәуірінде олардың үлесі инвесторлардың жалпы санының 31,5% құрады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында олардың өзгеріссіз қалды, тек 0,1% өсті.
Үшінші орында 18 бен 24 жас аралығындағы инвесторлар тұр, олардың үлесі ағымдағы жылдың бірінші сәуірінде 15,4% құрады. 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы жас санатындағы жас инвесторлардың үлесі 0,9% төмендеді.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 55 жастан асқан жас санатындағы инвесторлар санының өсу үрдісі байқалды. 2024 жылдың қаңтарында олардың үлесі 14,2 % құрады, ал 2024 жылдың бірінші сәуірінде олардың үлесі 14,4%-ға дейін өсті. Шамалы өсімге қарамастан, бұл жас санаты жақын арада көшбасшылар үштігіне кіруі мүмкін, себебі қазіргі уақытта үшінші орында тұрған 18 бен 24 жас аралығындағы инвесторлар саны азайып келеді.
Аумақтық бөлініс бойынша көшбасшылықты дәстүрлі түрде Алматы (20,7 %) және Астана (11,2%) сақтайды. Үшінші орында Түркістан облысы (9,1%) тұр, ол 2022 жылдың наурыз айынан бастап өз позициясын сенімді түрде сақтап келеді.
2024 жылғы бірінші сәуірдегі жағдай бойынша Алматы қаласының үлесі 0,4% азайды, Астана мен Түркістан облысының үлесі 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда әрқайсысының үлесі 0,1% өсті (қаңтарда Алматы – 20,3%, Астана – 11,3%, Түркістан облысы – 9,2 %).
Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, онда қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,6% ғана құрайды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында олардың үлесі 0,1% төмендеді.