Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттардың жалпы саны 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 086 673-ке жетті, оның ішінде 683 205 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және  2 403 468 шот Орталық депозитарийде омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.

2024 жылғы тамызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 102 085-ке өсті, бұл ретте омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттары көрсетілген кезеңде 100 866-ға немесе 4,4 % өсті, ал ұстаушылардың қосалқы шоттары 1 219-ға немесе 0,2% өсті. 

«Соңғы екі жылда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттар саны 2 661 673 шотқа немесе 6 есе өсті. Қазақстанда инвесторлар санының қарқынды өсуі инвестициялық тартымды қаржы құралдарына сұранысты арттыру үшін берік негіз құра отырып, отандық қор нарығын дамытудың катализаторы болып табылады», — деп атап өтті Орталық депозитарийдің Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов.