Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 12 097,8 млрд теңгені құрады және бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,4% жоғары. Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 1,5% өсті.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі – 36%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 64%.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда арнайы дүкендердегі жиһаздар, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, былғарыдан жасалған бұйымдар, косметикалық тауарлар мен дәретхана керек-жарақтарын, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарлар, сағат және зергерлік бұйымдар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар және аяқ киім сатумен айналысатын кәсіпорындарда байқалды.
2022 жылғы 1 қарашаға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 316,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 64 күнді құрады.
2022 жылғы қаңтар-қазан республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,9%) мен Астана қалаларына (12,3%), Қарағанды (8,5%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына келеді.