БЖЗҚ сарапшылардың зейнетақы жинағының бір бөлігін үй алу мен еиделуге жұмсауды тоқтату туралы сынына жауап берді.
Айта кетейік, Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жамишев бастаған сарапшылар зейнетақы жинағын шешіп алу өою керектігін айтқан.
«Зейнетақы жинақтарын шешіп алу мәселелері бойынша сарапшылардың кешенді ұсыныстарының бұрмаланған түсіндірмелері және дәйексіз ақпарат жарыққа шыға бастады», — деп жазады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Қор «ақпаратты дұрыс жеткізу мақсатында сарапшылардың негізгі ұсыныстарының қысқаша мазмұнымен, сондай-ақ, БЖЗҚ-ның сайтындағы ілеспе материалдармен танысуды» ұсынады.
«Сарапшылар аталған ұсыныстарға қызығушылықтың артуына байланысты және көптеген сұрақтардың келіп түсуіне байланысты өз пікірлерімен бөлісуге дайын. Ол үшін сарапшылар коммуникацияны тиімді үйлестіру мақсатында сұрақтарды БЖЗҚ-ға жіберуді ұсынады», — деп жазады қор.
Ұсыныстардың негізгі бағыттары
Талдау мен есептеулер негізінде сарапшылар келесідей негізгі бағыттар бойынша бірқатар жүйелі шараларды ұсынды:
- мемлекеттік зейнетақының лайықтылығы және зейнетақы төлемдеріне бюджет шығыстарының тұрақтылығы,
- зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдердің өмір бойы төленуі,
- қамтуды кеңейту, зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен жүйелілігін ынталандыру,
- зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру.
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мәселелері
«Ең көп талқылауды тудырған тұрғын үйге және емделуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мәселесіне қатысты сарапшылардың ұсыныстарында қандай да бір тыйым салу жөніндегі ұсынымдар жоқ», — делінген.
Қордвң мәліметінше, халықаралық тәжірибеде өзінің зейнетақы жинақтарын, ең алдымен, шұғыл медициналық мақсаттарға ішінара пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл ретте мұндай мақсатқа пайдалану тұрақты сипатқа ие болмауы тиіс және қария шақта зейнетақымен қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыру сияқты негізгі міндет көлеңкеде қалып қалмауы тиіс.
Зейнетақылардың лайықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетті шешу шеңберінде көлемі зейнетақы төлемдерінің көлемінен асатын жинақтарды тұрақты пайдалануды ақылға қонымды түрде шектеу керек. Қазіргі уақытта пайдалану көлемі зейнетақы төлемдерінің көлемінен асты және бұл әрі қарай жалғасуда. Мерзімінен бұрын алынатын төлемдер қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының төмен болуына және болашақта әлеуметтік стандарттарға сай келмейтін жеткіліксіз зейнетақыға себеп болмауы тиіс.
Сарапшылар азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын сақтауды ұсынады. Бұл ретте халықаралық зейнетақымен қамсыздандыру стандарттарына дейін кезең-кезеңімен көтерілетін, белгілі бір әлеуметтік стандарттан кем емес төлемдер мөлшерімен өмір бойғы лайықты зейнетақымен өзін қамтамасыз еткен адам осындай құқықты пайдалана алады.
Ұсыныстардың кешенділігі мен өзара байланысы
Сарапшылар енгізілген ұсыныстардың зейнетақымен қамсыздандырудың барлық құрамдауыштарын нығайтуға бағытталғанын, өзара байланысты екенін және кешенді түрде ескерілуге тиіс екенін атап көрсетеді.
Жалпы алғанда, көп деңгейлі жүйелер әлемде ең тұрақты және әділ деп танылған, сондықтан мемлекеттік зейнетақы мен жинақтаушы зейнетақыны бір біріне қарсы қою түбегейлі дұрыс емес, өйткені, бұл құрамдауыштар қарама-қайшы емес, керісінше бірін-бірі толықтырады. Көп құрамдауышты зейнетақылар тұтастай алғанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз етеді.