Бірінші тоқсандағы БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 581,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар-наурызында 345,7 млрд, 2022 жылы – 304,9 млрд теңге болған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері 3,15%-ды құрады. Сөйтіп, 2,6%-ға жеткен инфляциядан сәл жоғары болып шықты. Айтпақшы, алдыңғы екі жылда бірінші тоқсанда кірістілік теріс болды.
Басқа басқарушы компаниялардың екеуі ғана инфляцияны басып озды. Атап айтқанда, Сентрас Секьюритиз табыстылығы 4,45%, Jusan Invest табыстылығы 3,07% болды.
Нақтырақ айтсақ, наурыз айында инвестициялық кіріс 230,2 млрд теңгені құрады. Ол бағалы қағаздар бойынша сыйақы (177,8 млрд теңге) және сыртқы басқару (80,1 млрд теңге) есебінен қалыптасты. Бірақ шетел валютасын қайта бағалау 26,9 млрд теңге шығын әкелді, бәрібір теңгенің күшті болуы әрқашан жақсы нәрсе емес.