Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 4,1%-ға ұлғайып, 2020 жылғы шілденің соңында 20 685,4 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 702,8 млрд теңгеге дейін 5,2%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 9 982,6 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 12 504,8 млрд теңгеге дейін 4,9%-ға, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 180,6 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы шілденің соңында 39,5% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы шілдеде 6 610,1 млрд теңгеге дейін 6,5%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 4 092,8 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды (заңды тұлғалар депозиттерінен 38,2%).
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 894,7 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 087,9 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға өсті (жеке тұлғалар депозиттерінен 40,9%).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 5,7%-ға ұлғайып, 14 272,0 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 631,9 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 640,1 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,5%-ды (2019 жылғы шілдеде – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10,0%-ды (9,7%) құрады.