Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 9,1%-ға ұлғайып, 2020 жылғы наурыздың соңында 20 276,2 млрд теңгені құрады.
Соның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 10 532,7 млрд теңгеге дейін 14,7%-ға өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 9 743,5 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 804,4 млрд теңгеге дейін 0,02%-ға, шетел валютасындағы – 9 471,8 млрд теңгеге дейін 21,8%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы наурыздың соңында 46,7% болды (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%).
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы наурызда 5 638,9 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға, шетел валютасындағы депозиттері 4 893,8 млрд теңгеге дейін 28%-ға өсті (заңды тұлғалар депозиттерінің 46,5%-ы).
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 165,6 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға азайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 577,9 млрд теңгеге дейін 15,8%-ға өсті (жеке тұлғалар депозиттерінің 47,0%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,9%-ға ұлғайып, 13 111,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 6 941,2 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 6 170,4 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,7%-ды (2019 жылғы наурызда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,1%-ды (9,4%) құрады.