Ұлттық банктің мәліметінше, сәуір айының қорытыдысы бойынша резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,1%-ға төмендеп, 19 трлн 649,7 млрд теңгені құрады.
Соның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 9 935,0 млрд теңгеге дейін 5,7%-ға, жеке тұлғалардың
депозиттері 9 714,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға төмендеді.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 11 121,3 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 528,4 млрд теңгеге дейін 10,0%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2020 жылғы сәуірдің соңында 43,4% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы сәуірде 5 654,5 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 4 280,6 млрд теңгеге дейін 12,5%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің 43,1%-ы).
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 466,8 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 4 247,8 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 43,7%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,1%-ға ұлғайып, 13 259,2 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 7 442,9 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 816,4 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,5%-ды (2019 жылғы сәуірде – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10,0%-ды (9,9%) құрады.