2023 жылы қазақстандық автокөлік нарығы жоғарғы динамика көрсетті. Ресми дилерлердің жеңіл автокөліктерді сатуы 61%, өндіріс 30% өсті, жаңа және ескі көліктердің импорт көлемі артты.
Өткен жылы автокөліктерге сұраныс барлық сегментте қызу болған еді: ресми сатылымдар, алыпсатарлардың саудасы және ескі көліктерді кіргізу қарқынды өсті. Сонымен бірге осы жылға дейінгі көлік тапшылығы да тоқтады.
Kursiv/Auto 2024 форумының «Автокөлік нарығы 2024: шетке ығысу ма, әлде алға жылжу ма?» атты бірінші сессиясына қатысушылар нарыққа 2023 жылы рекордтық сатылымға қол жеткізуге мүмкіндік берген және 2024 жылы құлдырауды тудырған факторларды талқылады.
Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева өткен жылдың басында ешкім мұндай нәтижені күтпегенін айтты: өсім 20-25% аралығында болады деп болжанған еді. Оның сөзінше, 2023 жылы автокөлік сатылымының оң динамикасының себептерінің бірі көлікті несие арқылы рәсімдеудің артқаны болған екен.
«Астана Моторс» компаниясының басшысы Бекнұр Несіпбаев та аталмыш өсімге әкелген басқа факторлар туралы сөз қозғады.
«Бұл, әрине, жартылай өткізгіштердің тапшылығы болған ковид кезеңінен бері төмендеген сұраныстың есесін қайтаруы. Екінші себеп – әлемдік брендтер Ресей Федерациясының аумағынан кетуге мәжбүр болуы. Менің жеке пікірім бойынша, тапшылыққа реэкспорт те себепші», — дейді ол.
Биыл өткен жылға қарағанда сатылымның біршама төмендеуіне жол берді. Orbis Auto автокөліктер тобының басшысы Динара Ысқақова 2024 жылы Қазақстанда 160-165 мың көлік сатылады деп болжап отыр.
«Қазір біз көріп отырған құлдырау, жалпы алғанда, бірқатар факторға байланысты. Негізі мен 2024 жылдағы көрсеткішті құлдырау деп айта алмаймын. Нарық – өз жолына түседі, органикалық өсу болады», — деп атап өтті ол.
«Әрқашан өсу мен құлдырау болады. Сондықтан біз біршама төмендеуді бастан өткеруіміз керек. Менің ойымша, қазір сондай жағдайдамыз», — деді Ресей және ТМД елдеріндегі Kia экс-президенті Ким Джин Ха.
Бекнұр Несіпбаев 2024 жылы нарық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелген бірнеше себепті атады.
«1 сәуірден бастап сұраныс тұрақты. Біз сату көлемінің азайғанын, біріншіден, қарыздық салмақ коэффициентінен, екіншіден, Ресей нарығының жабылуынан, үшіншіден, нарықта жиналып қалған сұранысты қанағаттандыра алғандығымыздың нәтижесінен көреміз», — деді ол.
Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-сәуіріндегі ресми дилерлердің сатылым өсімі 4%-ды құрады.