ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2026 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстандағы кәсіпорындар 111 115 бірл. автокөлік және басқа техника шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (83 378 бірлік) 33,3% жоғары.
Машина жасау саласының құрылымындағы автомобиль жасау өндірісінің үлесі 40,5%-ды құрады. Биыл шілдеде Қазақстанда 15 026 автокөлік пен басқа техника шыққан, бұл былтырғы шілдемен салыстырғанда 27% көп (11 827 бірлік).
2026 жылдың жеті айында Қазақстан кәсіпорындары 102 870 жеңіл автокөлік (+36,4%); 4 009 жүк көлігі (-2,0%); 1 612 автобус (+18,4%); 594 арнайы және мамандандырылған техника (+26,9%); 2 030 тіркеме және жартылай тіркеме (-1,1%) шығарды.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») 41 010 автокөлік (-10,4%) шығарды. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan 29 077 автокөлік құрастырды. Hyundai Trans Kazakhstan – 22 809 автокөлік (-26,3%), ал Kia Qazaqstan 10 792 автокөлік жасады.
Коммерциялық техника мен мамандандырылған көлік өндірушілер арасында СемАЗ – 1 774, QazTehna – 1 748, Hyundai Trans Almaty – 757, КАМАЗ-Инжиниринг 694 техника құрастырды. Сонымен қатар Daewoo Bus Kazakhstan (337), Orbis Machinery (201) және «Уральскагрореммаш» АҚ (122) көлік өндірді.
2026 жылғы қаңтар мен шілде аралығында көптеп шыққан автокөліктер: Hyundai (22 779), Chevrolet (21 177), Kia (13 204), Changan (11 384), Chery (8 876), Haval (7 561), Jetour (5 158), JAC (3 980), Geely Galaxy (3 049) және MG (1 572).