Биыл қаңтар-тамызда мемлекеттік бюджет табысы 15,4 трлн теңге болды, бұл былтырғыдан 14,5% артық.
Бұл ретте мемлекеттік бюджет шығыны 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 23,2% ұлғайып, 16,4 трлн теңгені құрады.
Аталған кезеңдегі мемлекеттік бюджет шығыны табыстан 1 трлн теңгеге немесе 6,7% асып түсті. Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде табыс шығыннан көп болды.
Биыл қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджет шығынының басым бөлігі білім беруге жұмсалды: 3,5 трлн теңге немесе барлық шығынның 21,4%-ы. Жылдық өсім 20%.
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға тағы 3,5 трлн теңге жұмсалды, бұл былтырғыдан 17,8% артық.
Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджет шығыны 1,5 трлн теңге немесе жалпы бюджеттің 9,1%-ы.
Қарызға қызмет көрсетуге бюджеттен 1,5 трлн теңге бөлінді, былтырғы 1,1 трлн теңгеден 37,2% көп.
Бүкіл мемлекет бюджет табысының 78,8%-ы салық түсімдері. Барлығы қазынаға 12,1 трлн теңге салық түсті, бұл былтырғыдан бірден 25,6% көп.
Салықтық емес түсімдер 3,4%, 287,7 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталды сатудан түскен табыс 32,2%, 98,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Трансферт 2,9 трлн теңгені құрады, бұл былтырғыдан 13,9% аз.