Қазақстан өңірлерінің жартысына жуығында шағын бизнес жабылып жатыр.
1 маусымдағы жағдай бойынша, 20 өңірдің 9-да жеке кәсіпкерлік саны бір жыл бұрынғыдан азайған.
Бұл ретте Қазақстанның батысы мен шығысында орналасқан барлық облыстар, оңтүстігіндегі екі (Қызылорда, Түркістан) және орталығындағы бір (Ұлытау) облыста көрсеткіш төмендеген. Бұл облыстардың жиынтық көрсеткіші 30 мың бірлікке, яғни 608,6 мың бірлікке дейін азайған. Салыстырмалы түрде 5% төмендеді.
ЖК саны ең көп азайған облыстар:
- Қызылорда - минус 13% немесе 8,8 мың бірлік;
- Атырау - минус 8% немесе 4,9 мың бірлік.;
- Маңғыстау - минус 7% немесе 5,2 мың бірлік.
Бір қызығы, үшеуінде де тамызда төмендей бастап, желтоқсанда шарықтау шегіне жетті және әрі қарай да жалғаса берді.
Жалпы, елімізде ЖК саны бір жылда 24,4 мың бірлікке, 1,66 млн дейін өсті. Салыстырмалы түрдегі өсім – 1,5%. Сонда 11 өңір қалған тоғызындағы құлдырауды артығымен жаба алған.