Қазақстандықтар бір тоқсанның ішінде БЖЗҚ-дан 95 млрд теңгеден астам ақша алды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының статистикасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы сомасы 95,1 млрд теңгеге 82,2 мың өтініш орындалған.  

Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда өтініш саны 15%-ға өскен, бірақ көлемі аса қатты өзгере қоймаған. Жылдық деңгейде елеулі өсім байқалады, бұған заңнамадағы өзгерістер септігін тигізіп отыр. 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуі қазақстандықтарға, атап айтқанда, жинақтарды жеке басқарушыға беру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Айтпақшы, 2024 жылдың І тоқсанында сыртқы басқарушыға бір тоқсан бұрынғыға қарағанда 25%-ға көп қаражат, 18,8 млрд теңге жұмсалды. Емделуге 25,9 млрд теңге (өткен тоқсанмен салыстырғанда -6%), тұрғын үй жағдайын жақсартуға 50,4 млрд теңге (өткен тоқсанмен салыстырғанда -4%) алынған. Соның ішінде соңғы аталғаны әдеттегідей негізгі болып қала береді. I тоқсанда сол мақсатта зейнетақы жинағын алғандардың көлемі 53%-ды құрады.