Қазақстанда фастфуд бір жылда шамамен 16% қымбаттады, деп хабарлайды kapital.kz статистика бюросына сілтеме жасап.
«Сәуір айында фаст-фуд қызметтерінің құны бір айда 0,4% және бір жылда 15,9% қымбаттады. Бір айда Солтүстік Қазақстан облысында баға айтарлықтай өсті – 5,7%. Баға өсімі бойынша алғашқы үштікке Жамбыл облысы (4%) және Жетісу облысы (2,2%) кірді», - делінген статистика бюросының хабарламасында.
Бір жылда Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстарының, Шымкент қаласының (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында баға айтарлықтай өсті.
Бағаның ең аз жылдық өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.