Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 37,2 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 21,5% ұлғайды.

Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,5%-ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 53,5%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.

Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 16,3% өсіп, 17,3 трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 26,5%, 19,9 трлн теңгеге дейін өсті. 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 20,3%, 33,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 36,4%, 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). 

Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,6%-н құрады.