Қаңтарда Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 755,1 млрд теңгені құрады. Бұл соңғы 7 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда өсім 18,3%.
Инвестициялар бойынша ең тартымды сала тау-кен өнеркәсібі болып қала береді. Ол барлық инвестицияның 43%-ға жуығын (немесе 323,5 млрд. теңге) тартты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,6 пайызға артық. Бұл ретте шикі мұнай мен газды өндіруге 270,7 миллиард инвестиция құйылды, яғни Қазақстанға құйылған инвестицияның әрбір үшінші теңгесі дәл осында болды.
Ең танымал екінші орынды жылжымайтын мүлікпен операциялар алды. Олардың үлесіне барлық инвестицияның шамамен бестен бірі – 163,1 млрд. Бұл 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 33,7% артық.
Жалпы ағынның 10%-дан сәл астамын қамтамасыз еткен өңдеу өнеркәсібінде жағдай жақсы емес. Оған барлығы 76,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,5%-ға аз. Инвестициялар бірден 34%-ға, 23,3 млрд теңгеге дейін төмендеген металлургия саласын атап өткен жөн.
Жалпы көлемнің тағы 7,3%-ы көлік және қойма саласына тартылды – 54,8 млрд теңге (+31,8%).