Биыл көптеген өңірлерде жемшөп дайындау үшін қолайлы ауа райы жағдайлары байқалады. Қазірдің өзінде қазақстандық фермерлер 8 млн тонна шөп дайындады, бұл биылғы жылға жоспарланған 25 млн тоннаның шамамен 32%-ы, дейді ауыл шаруашылығы министрінің орыньбасары Аманғали Бердалин.
Ақмола, Түркістан және Жамбыл облыстарында жақсы қарқын көрсетуде. Төмен қарқын Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады.
Аманғали Бердалин Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарлары санының өсуіне қарамастан, шөп дайындау жоспары қандай да бір себептермен өткен жылдың деңгейінде қалып отырғанын атап өтті. Ол әкімдіктің назарын жоспарларды ұлғайту жағын қайта қарау және алдағы қыстауға қолда бар мал басын 100% азықпен қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.
Айта кетейік, биыл өңірлердің жем-шөп шығындарын субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда облыс әкімдіктерінің қосымша қаражат жіберуге мүмкіндігі бар.
Бұдан басқа, 2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы 235,2 мың тонна жем қорын құрды. Бұл жем қоры мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бағамен сатылатын болады. Бұл ретте, жем-шөп қоры 2022 жылдың өткізу көлемінен 58%-ға асатынын АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының м.а. Бағлан Аймұрзаев атап өтті.
Биылдан бастап алғаш рет жем-шөп дайындау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері бойынша әкімдіктер 57,9 мың тонна көлемінде қажеттілік қалыптастырып үлгерді. Шамамен жөнелту келесі аптада басталады.
2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын 20 млрд теңге сомасына ұлғайтуға жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың ұтқыр жүйелерін сатып алуды қаржыландыру үшін бюджеттік инвестициялар бөлінді.
Бұдан басқа, министрлік облыс әкімдіктері үшін ғылыми негізделген тәсілдер мен нысаналы индикаторларды ескеріп, қосымша шараларды енгізе отырып, жемшөп өндірісін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын кеңейту бойынша жұмысты бастады. Атап айтқанда, жол картасы жаңа жоғары өнімді сорттар мен будандарды енгізу арқылы жемшөп дақылдарының өнімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралармен толықтырылатын болады. Құжатқа сондай-ақ құрғақ аймақ жағдайында жем-шөп өндірісінің шетелдік тәжірибесін зерделеу жөніндегі тармақ енгізілген. Бұдан басқа, жаңартылған жол картасы шеңберінде жемшөп дайындау техникасы мен суару жүйелерін сатып алуды қаржыландыру, сондай-ақ жемшөп өндіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша Амангалий Бердалин облыс әкімдіктерінің назарын өңірлерде жемшөп дайындау қарқынын күшейту, бұл ретте жемшөп бағасына мониторинг жүргізу және бағаның өсуіне жол бермеу қажеттігіне аударды.