Бәйтерек холдингі Bereke Bank-ті Qatar Lesha Bank LLC компаниясына 65 млрд теңгеге сатты. Компаниялар сатып алу-сату мәмілесін аяқтады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында Bereke Bank активтері бойынша 9-орында, несие портфелінің көлемі бойынша 7-орында. Банктің активтері 2,3 трлн теңгені, меншікті капиталы 186 млрд теңгені құрайды.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Lesha Bank активтері 2,05 млрд долларды, меншікті капиталы 0,35 млрд долларды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 16,9% құрайды. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша банк 26,5 млн доллао таза пайда алды, ал 2024 жылдың 6 айында 15,5 млн доллар болды.